Ол мәжбүрлі вакцинация болмайтынын жеткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егер коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жақсы нәтиже көрсетсе, өзіне де салдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«Отандық вакцина оң нәтиже көрсетеді деп үміттенемін. Сол кезде мен дәл қазақстандық вакцинаны салдырамын. Егер ол нәтиже көрсетсе. Солай боларына үміттенемін», – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол осы ретте ешқандай мәжбүрлі вакцинация болмайтынын жеткізді.
«Арандатушылар айтқандай, мәжбүрлі вакцинация жасалмайды. Бірақ вакцинация - қиын жағдайдан шығудың жолы. Оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалуы керек», – деді Мемлекет басшысы.