Өткен тәулікте 450 науқас: қала әкімдігі мутацияланған инфекцияны жұқтырмау үшін карантин талаптарын орындауға шақырды

27.03.2021 в 19:54

2020 жыл бойынша жалпы есебі індетті жұқтырған 18 521 жағдай тіркелген

Биыл 1 қаңтар мен 26 наурыз аралығында КВИ жұқтырған 13 236 жағдай тіркелді. Ал Алматыда өткен тәулікте коронавирус 450 науқас анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020 жыл бойынша жалпы есебі індетті жұқтырған 18 521 жағдай тіркелген.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, тұрғындар арасында инфекцияның өсуінің жоғары қарқыны, сонымен қатар британдық және оңтүстік африкалық коронавирустық штаммдардың қалада айналымына байланысты.

Жаңа штамдардың жұқпалылығы алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жоғары. Инфекция деңгейі 70%-ға дейін жоғары. Сонымен қатар, КВИ симптомсыз формаларын тіркеуде 2020 жылы 39%-дан 2021 жылы 32%-ға дейін төмендеу байқалады.

Биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында коронавирустық инфекциядан ең көп зардап шеккен — 20-39 жас аралығындағы азаматтар — 38% және 40-59 жастағы адамдар — 27%, сондай-ақ 60 жастан асқандар — 20%.

Талдау нәтижелері бойынша, биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында инфекцияның жұқтыру ықтимал орындары:

қоғамдық орындарға барғанда (сауда, қоғамдық тамақтану) — 42%, соңғы аптада — 41% - 1% төмендеу; қоғамдық көлікпен жүргенде — 18%; отбасылық шаралар — 2%.

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі КВИ-дің алдын-алуды күшейтуге шақырады. Соның ішінде британдық және оңтүстік африкалық штамдарды анықтау аясында. Маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарға барудан аулақ болу және адамның көп жиналуын болдырмау, сондай-ақ әлеуметтік байланыст азайту қажет.