25500 адам карантиндік стационарға ПТР анализін алу үшін жатқызылған
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың Халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен - 395 431, вакциналану паспортымен - 3836, сертификатсыз 25 532 адам болды.
25500 адам карантиндік стационарға ПТР анализін алу үшін жатқызылды. Түркиядан (37), БАӘ-ден (35), Египеттен (33), Беларуссиядан (5), Украинадан (7), Мальдивтерден (4), Оңтүстік Кореядан (2), Малиден (1), Ресей (1).
Теріс ПТР сынағы сертификатының болмауы салдарынан 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.
Еске салсақ, мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «Дельта» штаммының анықталуымен күрделене түсуде. 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды, 16 465-ы симптомсыз, 1 993 жағдайы анықталмаған пневмония.
30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,4% . Репродуктивті саны - 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штаммының үлес салмағы 78,3%.
Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штаб қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар, әркім өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін вакцина алғандары жөн.