Павлодар облысының 1441 медицина қызметкерлері үстемеақы алса, маусым айында олардың саны 3712 адамға дейін өскен
Медициналық сақтандыру қоры COVID-19-пен күреске қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустық инфекциямен күресуде жүрген медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында медициналық сақтандыру қоры үстеме ақы төлейді. Республика бойынша тек биылғы жылдың маусым айында 53 мың медицина қызметкеріне үстеме ақы төленді. Республикалық бюджеттен бөлінген 35,7 млрд теңгеден медициналық сақтандыру қоры осы жылдың наурыз - маусым айы аралығында медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төледі», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов.
Филиал ұсынған ақпаратқа сәйкес, қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны ай сайын өсуде. Егер наурыз айында Павлодар облысының 1441 медицина қызметкерлері үстемеақы алса, маусым айында олардың саны 3712 адамға дейін өскен.