ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Маман әлемде карантин шаралары кезең-кезеңмен алынуы керек екенін айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ханс Клюгенің айтуынша, негізгі себептердің бірі – инфекцияны зертханада анықтау тәсілінің өзгертілуі.

«Әзербайжан, Қазақстан сынды елдер соңғы бірнеше аптада тест жасау стратегиясын қайта қарастырды. Енді эпидемиологиялық бақылау жүйесінің арқасында COVID-19 жұқтырғандар көбірек анықталып жатыр», – деді ол.

Маман әлемде карантин шаралары кезең-кезеңмен алынуы керек екенін айтып отыр.

«Біз шектеулерді жеңілдеткен елдерде вирус өршіп бара жатқанын көріп отырмыз. Егер бұл тенденцияға мән бермесек, екінші толқыны әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін»,  деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі.

Новости партнеров