Г. Қатыбаева бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің карантинді күшейту туралы жаңа қаулысын алматылық рестораторлар түсіністікпен қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы ақшамы газетіне сілтеме жасап.
Рестораторлар клубы қауымдастығының президенті Гүлнар Қатыбаева мегаполистегі шектеу шараларына қатысты рестораторлардың ұстанымын Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
«Бізде кәсіби қауымдастықтардың, әріптес-рестораторлардың көптеген чаттары бар, онда әртүрлі көзқарастар айтылды. Әрине, жағдайға қатысты түсініспеушіліктер де болды. Бірақ тұтастай алғанда, барлығы жағдайдың ауырлығын және осы шектеулердің қажет екенін түсінеді», – деп атап өтті қауымдастық президенті.