Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 504 адамға жетті. Қала бойынша індетті жұқтырудың 43 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың ішінде, вирус анықталған жергілікті 26 пациенттің бойында науқастармен байланыста болғандықтан пневмония және ЖРВИ белгілері болған, 13 адам карантинде болған, сондай-ақ, медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 медицина қызметкері бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше Алматыда CОVID-19 вирусынан тағы 13 пациент жазылып шықты. Олардың ішінде 2007 жылы туған бір бала бар.
«Емдеуден шығарылған он адам – шетелден келгендер: 6-уы Ыстамбулдан, екеуі Дубайдан, біреуі Минскіден және біреуі Италиядан ұшып келген, біреуі Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұмыскері, біреуі жергілікті вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам және 2007 жылы туылған қыз бала»,– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Олардың барлығы 14 күндік үй карантинінде емделіп шығарылды.
Қазіргі уақытта қала бойынша емдеуден шығарылғандар саны 80 адамға жеткен.
Сонымен қатар, инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйелді қосқанда, COVID-19 індетінен 422 пациент емделуде.
«Науқастардың жай-күйі туралы айтып өтсек, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5-уінің жағдайы ауыр, 106 адамның жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Провизорлық госпитальдерде 298 адам жатыр, оның ішінде 18-і бала, карантиндік оқшаулауда – 418, үй карантинінде – 7992 адам бар.