Коронавирус індетімен ауырған 34 351 адам жазылған
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 38 мың 412-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 тамыз күні, жергілікті уақытпен 10:00-де 157 адамнан вирус табылған, кешкі 17:00-де тағы 181 жағдай расталған. Соның 169-ы Ташкент қаласында, 8-і Ташкент облысында, екеуі Сұрхандария облысында, біреуі Қарақалпақстан Республикасында, тағы бірі Жызақ облысында тіркелген. Коронавирус індетімен ауырған 34 мың 351 адам (жалпы деректің 89 пайызы) жазылған. Осы індеттен көз жұмғандардың жалпы саны – 265.