Коронавирус пандемиясы осы жылы аяқталуы мүмкін. Бірақ ол үшін дүниежүзі мемлекеттерінің 70 пайызы жазға дейін вакциналанған болуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар ұйымдағылар «омикронды» соңғы штамм деп қабылдау қате түсінік деді. Оның айтуынша, кез келген уақытта вирустың жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ Еуропаның медициналық реттеушісі вакцинаны қайта салдырудың өз мерзімі бар екенін ескертті.
«Омикронға» және басқа да штамдарға қарсы вакциналаудың бірнеше тәсілдерін зерттей келе, дәрі-дәрмек реттеушілері мынадай нәрсені анықтады. Олар аз уақыт ішінде бірнеше рет күшейткіш доза салу ұзақмерзімді қолданысқа кепілдік бермейтінін және оның тиімді әсер етпейтінін байқады», - деді ЕМА вакциналау стратегиясы бойынша бөлім басшысы Марко Кавальери.
Айта кетсек, Қазақстан қауіпті аймақтан» сарыға» өтті. Осылайша, жағдай елде біршама түзеліп келеді. Қазір Алматы мен елорда және 5 өңір қызыл аймақта орналасқан. Жалпы алғанда, өткен тәулікте 1300-дей отандасымыз дертке шалдыққан. Ал пандемия басталғалы бергі көрсеткіш 1 млн 300 жүз мыңнан асады.