Коронавирустың алғашқы белгілері қандай?

17.03.2020 20:02

Тұмау деп ойлап, өз бетіңізше ем-шара қабылдамаған жөн дейді дәрігерлер

gtrk.tv

Коронавирустың  алғашқы белгілері қандай? Біле жүргеніңіз абзал. Ең алдымен вирусты жұқтырған адамда жөтелу, тұмау, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, құсу секілді симптомдар байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүйрек ауыруы мен диарея да пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігіп, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға да шалдығу қаупі бар екен. Мұны әрбір азамат білуі тиіс және алғашқы сиптомдары пайда болған жағдайда, бірден үрейге бой алдырмай, медициниалық көмекке жүгіну қажет. Алайда тұмау деп ойлап, өз бетіңізше ем-шара қабылдамаған жөн дейді дәрігерлер.

Коронавирус инфекциясын жұқтырудағы алғашқы белгілер:

– жөтел;

– дене қызуының көтерілуі, қалшылдауы;

– тұмаурату;

– бас ауруы;

– пневмония;

– ентігу;

– құсу;

– диарея;

– тыныс алу жолдары ауруы;

– бүйректің ауруы;