Қазақстан қарулы күштерінде коронавируске қарсы күрес жүргізетін әскери жасақ құрылды

28.04.2020 20:26

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады

Almaty.tv

Қазақстан қарулы күштерінде коронавируске қарсы күрес жүргізетін әскери жасақ құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады. Жаңа құрамға радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің сарбаздары тартылмақ. Бұған дейін де еліміздің барлық аймағында әскерилер дезинфекциялық жұмыстарға тартылып, бүгінде ірі шаhарлардағы қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмысымен күн сайын айналасуда. Олар 5 апта ішінде әлеуметтік маңызы бар 36 миллион шаршы метр нысандар мен 2 жарым мың шақырымды құрайтын жолдарды өңдеді. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, залалсыздандыру жұмыстарын одан әрі күшейту мақсатында қорғаныс әскерлерін қайта құру және нығайту қажет. Сондай-ақ, әскери бөлімдер мен нысандарда бұған дейін енгізілген шектеу шаралары да бақылауға алынбақ. Атап айтқанда, әскери кезекші бекеттер, казармалар мен асханаларға дезинфекциялық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.