Қалған емделушілердiң жағдайы – қанағаттанарлық
Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам емделіп шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);
- 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;
- бір өлім жағдайы тiркелді.
«Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде. Қалған емделушілердiң жағдайы – қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.