Коронавируске қарсы вакцина 2021 жылдың соңына таман шығуы мүмкін – вирусолог

15.07.2020 в 20:04

Бүгінде әлемді шарпыған коронавирус індеті тұтас қоғамды алаңдатып отыр

Бүгінде әлемді шарпыған коронавирус індеті тұтас қоғамды алаңдатып отыр.   С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Микробиология және вирусология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Толқын Бегадилова  коронавируске қарсы вакцина 2021 жылдың соңына таман шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Нақты дайын вакцина 2021 жылдың соңына таман шығып қалуы мүмкін, ерте дайын болмайды. Өйткені бұл вакцинаны жасаумен, қорғау қабілеті мен қандай мерзімге әсерін зерттеумен ғана емес, сондай-ақ өндіруші елдердің өндірістік мүмкіндіктері және әлеуетімен де байланысты болады. Қазірдің өзінде барлық елдер үшін вакциналардың қолжетімділігі, вакциналау топтары және тағы да өзге мәселелер талқылануда», – деді вирусолог маман.