Батыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді
Фото: ашық дереккөзден
Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 7 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді.
Осылайша, «қызыл» аймақта Қазақстанның бір де бір өңірі қалмаған.
«Қызыл» аймақтар бойынша бүгінгі матрица өзгеріссіз қалды.
Тек «сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді.
Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20