Әлемдегі COVID-19: Венгрияда індеттен қайтыс болғандар саны күрт өсті

02.04.2021 20:06

Бұл 1 миллион адамға шаққанда 1 аптада тіркелген әлемдегі ең көп көрсеткіш

Фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ахуалға тоқталсақ. Венгрияда 1 күнде 302 адам коронавирустан мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл 1 миллион адамға шаққанда 1 аптада тіркелген әлемдегі ең көп көрсеткіш. Айта кету керек, елде бұған дейін 2 миллион адам вакцина салдырған. Африкада сарс ков-2-нің мутацияға ұшыраған жаңа штамы анықталды. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысының айтуынша, жаңа штамм алғаш Анголаға келген Танзания азаматтары арасында анықталған.

Ал, Ресейлік мамандар COVID-19 мутацияланған жағдайда вакцинаны екі күн ішінде жаңартуды үйренді. Сенсациялық мәлімдемені Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург жасады.