КВИ-дан елімізде 672 бала емделіп жатыр

25.11.2020 20:06

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Фото: ашық дереккөзден

25 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырып, емделіп жатқандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өтеу ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.