|
14.04.2021 | 15:07
714

АҚШ пен Еуропалық Одақ Johnson & Johnson вакцинасын қолдануды тоқтатты

Оған себеп, екпеден кейін алты адамда қан ұю фактісі тіркелген

АҚШ пен Еуропалық Одақ  Johnson & Johnson  вакцинасын қолдануды тоқтатты ria.ru

АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы және Еуропалық Одақ  COVID-19-ға қарсы Johnson & Johnson  вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы BBC агенттігі жазды. 

Оған себеп, екпеден кейін алты адамда қан ұю фактісі тіркелген. Бір адам қайтыс болған. Ал алғашқылардың бірі болып аталмыш вакцинаға рұқсат алған Африка елдерінде мұндай жағдай тіркелмесе де, оны қолдануды тоқтатып тастаған. Жалпы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың барған сайын күрделене түскені байқалады.  

Түркия билігі шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр. Бұл жайында ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті. Қатаңдату шараларына сәйкес, Рамазан айының алғашқы екі аптасында 20 жасқа жетпеген және 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуға тыйым салынған. Дәмхана, мейрамханалар жеткізу режимінде ғана жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир