COVID-19: Бас дәрігер алматылықтарды өз бетінше емделмеуге шақырды

14.08.2020 20:08

Ауыр жағдайдағы науқастар саны екі есе азайды және олардың саны 227-ден аспайды

открытые источники

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында аурудың алғашқы белгілерін байқаған адамға не істеген жөн деген сұраққа Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Науқастардың ауру тарихын талдай отырып, біз өте ауыр жағдайда келген әрбір екінші науқастың өз бетінше емделгенін байқадық. Өкінішке қарай, стационарлардағы барлық науқастардың 55 пайызы тек өз бетінше емделгендер ғана емес, сонымен бірге, ауруханаға жатқызылғанға дейін дер кезінде медициналық көмекке жүгінбегеңдер», – деді Камалжан Надыров.

Науқастардың осы категориясы ауыр және өте ауыр жағдайда түседі, дәрігерлер оларды бірден ӨЖЖ аппараттарына қосады, дер кезінде емделмегеннен олар өздерінің сауығып кету мүмкіндіктерін азайтады.

«Өз бетінше емделмеуге және алғашқы белгілер байқалған жағдайда емханаға барып маманнан немесе бірыңғай байланыс орталығына жүгінуді өтініп сұаймыз. Әрине, қаланың белгілі реаниматологтары ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастарды бақылап отыр, соның арқасында жан сақтау деңгейіндегі барлық стационарлар жұмысын күшейттік. Ауыр жағдайдағы науқастар саны екі есе азайды және олардың саны 227-ден аспайды. Жағдайлары өте ауыр науқастар да азайды. Бүгінде олардың саны 20-дан аспайды», – Камалжан Надыров деп атап өтті К. Надыров.