Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ПТР анықтамасын өткізетін зертхана ашылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Клиника-диагностикалық орталықтың лабораториясы тәулігіне үш мыңға жуық тестілеу өткізуге қауқарлы. Бұл өңірдегі ПТР тестілеуін өткізетін бесінші орын болады. Естеріңізге сала кетейік кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты қызыл аймаққа енген болатын.
«Қазір облыстағы төрт зертхана күніне 1200-ден 1500 дейін зерттеу жүргізе алады. Індеттің бірінші толқынында қуаттылығы 800-ге дейін ғана жеткен еді. Енді солтүстікқазақстандықтар тестілеу жауабын тезірек алуға мүмкіндік алады. Осыған дейін зерттеу қорытындысы 8-10 күн дайындалса, қазір үші күннің ішінде дайын болады», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.