Бұл туралы ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді
ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов халықаралық әуе рейстеріне қосымша енгізілетін карантиндік шектеулерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Осы жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытта ПТР әдісімен COVID-19-ға арналған тест өткені туралы анықтама болуы керек. Айта кетерлігі, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР сараптама анықтамасынан босатылады. Осыған орай шетелге барып келуді жоспарланған немесе қазіргі уақытта шетелде жүрген қазақстандықтар осы талапты ескеруі қажет»,– деді Садуақас Байғабылов.