Қытайлық дәрігер коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын мәлімдеді

13.04.2020 20:09

2020 жылғы қарашада әлемде коронавирустың екінші толқыны жүріп өтеді

barometr.kg

2020 жылғы қарашада әлемде коронавирустың екінші толқыны жүріп өтеді. Бірақ оның күші айтарлықтай әлсіз болады. Бұл туралы Шанхайдағы "Хуашань" ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің директоры, COVID-19-ды емдеу бойынша сараптамалық топтың басшысы Чжан Вэньхун мәлімдеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

"Біз эпидемияның келесі толқыны шамамен қараша айында басталуы мүмкін деп болжап отырмыз", – деді Чжан. Оның айтуынша, математикалық үлгілер адамзаттың вирусты жазға қарай жеңе алмайтынын көрсетеді. Себебі, инфекцияның өршуі жаңа елдерде тіркелуде. Жалпы, вирустың екінші толқынының келтіретін залалы азырақ болмақ, алайда, медицинаның нашар дамуына байланысты кейбір африкалық және оңтүстік африкалық мемлекеттерге оңай соқпайды.

Айта кетейік, 12 сәуірде Қытайдың бас эпидемиологы Чжун Наньшань елде коронавирустың екінші толқынының болу мүмкінді төмен деп бағалаған еді. Соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясын 1.9 миллионнан астам адам жұқтырған. Көз жұмғандар саны 114 мыңнан асады. Бұған дейін Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 108 жаңа дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз.