Олар «Триазивирин», «Фавипиравир», «Фортепренд» атты вакциналарды ұсынып отыр
Ресейдегі ғылым академиясының мамандары Covid-19 деп аталатын коронавирусқа инфекцияға қарсы 3 вакцинаны жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы академияның вице-президенті Владимир Чехонин мәлім етті.
«Триазивирин» деп аталатын вирусқа қарсы препаратты академияның Постовской атындағы бөлімінің мамандары бірнеше жыл бұрын жасаған. Чехониннің айтуынша, қазіргі таңда оның ингаляциялық түрі дайын және оны вирустық респираторлы инфекция ауруларын емдеуге қазірден бастап қолдануға болады.
Ал екінші вакцина – «Фавипиравир» деп аталатын препаратты бұрын Жапония ғалымдары РНҚ вирустары ауруларын емдеу үшін жасап шығарған.
Үшінші вакцина – «Фортепренді» Органикалық химия институты мен Ұлттық эпидемиология және микробиология орталығы бірлесе жасаған. Дәрінің құрамында коронавирус жұқтырған жануарларды емдеуге қолданылатын фоспренил бар. Бұған дейін елдегі Федералды медико-биологиялық агенттік Covid-19 инфекциясын емдеуге арналған «Мефлохин» (малярияға қарсы дәрі) негізінде жасалған препаратты таныстырды. Агенттік басшысы Вероника Скворцованың айтуынша, бұл дәрі коронавирустың цитопатиялық әсерін тежеп, оның қайта көбеюін болдырмайды. Сонымен қатар қабыну процесінің өршуін басады.