Cанитарлық талаптар жөнінде: Азаматтар жауапкершілікті сезінуі тиіс – Айдос Сарым

17.08.2020 в 20:14

Қазіргі уақытта қоғам коронавирус індетінің қаупін сезіне бастады

Қатаң түрдегі алғашқы карантиннен және екіншісінен сабақ алуымыз қажет. Елімізде шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастауға қатысты саясаттанушы Айдом Сарым осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта қоғам коронавирус індетінің қаупін сезіне бастады. Шілде айында жағдай ушыға бастағандай болып, тіпті спорттық ареналарда ауру жұқтырып алғандарға арналған төсек-орын жабдықтала бастады. Ал қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, ауру жұқтырғандар мен соның салдарынан көз жұмғандар саны азая бастады. Аурухананың науқастармен толып қалмауын, дәрі-дәрмекпен, мамандармен қамтамасыз ету жағын тұрақтандыру қолдан келді», – дейді саясаттанушы Айдос Сарым.

Оның айтуынша, індетке қатысты ахуал бұдан әрі қалай өрбитінін ешкім болжап айта алмайды.

«Жағдай бұдан әрі қалай боларын сірә, ешкім болжай алмас. Өкпе және өзге де маусымдық аурулар өршитін күз бен қыста не боларын ешкім айта алмайды. Билік қайғылы тәжірибеден кейін болуы керек, «күрделі ахуалға дайындық» жөнінде айтып жатыр. Және бұл, менмендік пен бөркін аспанға ату күнәсынан,«вундерваффе» немесе «ғажайып вакцинаға» үміттенуден жақсырақ. Коронавирус өмірімізде үнемі болатынын, ерте ме, кеш пе бәріміз ауырып шығу керек екенімізді түсінген шығармыз. Енді барымызды алып қалуға күш салуымыз керек. Санитарлық шектеулер болса да орта және шағын бизнесті іске қосуға барынша тырысу қажет. Биснес те бұдан былай коронавирус жағдайына бейімделе жұмыс істейді. Яғни маска тағу режимін сақтап, антисептикке шығынданып, жұмысшылар мен тұтынушылардың қауіпсіздігін сақтайтын болады», – дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы атап өткендей, қатаң түрдегі алғашқы карантиннен және екіншісінен сабақ алуымыз қажет.

«Карантин әр адам үшін физикалық және психологиялық тұрғыда ауыр. Бұл жағдай алаяқтарға жол ашпауы тиіс. Барлық өзекті және маңызды бағыттар түрлі қоғамдық және парламенттік бақылаулармен қамтылуы керек. Соңында азаматтарымыз бен бизнестің өмірін қиындатқаннан гөрі, бірнеше комиссия құрып, шенеуніктердің өмірін қиындатқан дұрысырақ. Мемлекет өз жұмысын барынша ашық, дұрыс жасауы қажет. Той, байқау өткізу сияқты аса үлкен ереже бұзушылық болмаса – айыппұл салу, тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғалар әр бизнес субъектісіне барынша адамгерлішікпен, түсіністікпен қарағаны жөн», – дейді ол.

Оның айтуынша, азаматтардың өзі жауапкершілікті сезініп, көршілері мен алдынан шыққан адамдардан жеке бас гигиенасын және санитарлық нормаларды сақтауды талап ететіндей қоғамдық пікір қалыптастыруы керек.

«Жағдайды дұрыс, нақты бағалайтын кезең келеді. Халықты әлеуметтік тұрғыда оңалту үшін экономикалық модернизацияның жаңа моделі болады», – дейді Айдос Сарым.