Кезекші топтарға балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде балалар бақшасының жоспарлы ашылуы және колледждер жұмысындағы өзгерістер туралы айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы туралы сұрақтар көп түседі. Олар карантин аяқталғаннан кейін ашылады, бұл болжаммен 17 тамызда болады. Кезекші топтарға балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады», – деді өңір басшысы.
Сонымен бірге, ол колледждер жұмысындағы өзгерістер туралы айтып өтті. Сегіз ауыл колледждері (1 324 студент) жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауы тиіс. Бұл ретте, техникалық мамандықтарды меңгеріп жатқандар оқу орындарында 15 адамнан аспайтын топтарда зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды тапсырады. Гуманитарлық сала студенттері тәжірибені онлайн режимде өтулері тиіс.