Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

13.12.2020 20:15

Оның ішінде 1049 бала бар

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 14 060 адам корнавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 1049 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, осы уақытта еліміздің стационарларында 4 057 науқас жатыр, 10 003 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 234 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.