Қытайда ең үлкен локдаун енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Шектеу екі кезеңнен тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шанхайда коронавирус індетінің өршуі салдарынан кейінгі екі жылда болмаған ең үлкен локдаун енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Шектеу екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде Пудонг қаласының экономикалық ауданы мен оның маңындағы аудандар жабылады. Екінші кезеңде билік Хуанпу өзенінің батысындағы мегаполистің орталық бөлігін жабады. Қаладағы кей кәсіпорындар мен кеңселер қызметін тоқтатады, қоғамдық көліктер жүрмейді.

«Абдырап қалдық. Кімге сенерімізді білмейміз. Біреулер азық-түлік жетіспеушілігі болады деді. Кейін сөрелердегі тауарлардың бағасы көтеріліп, адамдар дүрбелеңге түсті», - дейді тұрғындар

Ал елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Салыстырмалы түрде өткен тәулікте вирус жұқтырғандар қатары азайған. Еліміз бойынша індетке шалдыққандар саны - 17 адам болса, соның 11-і Алматыда тіркелді. Қалған 6 өңірде бір науқастан кездеседі.

Новости партнеров