Дезинфекция қайда және қалай жасалып жатыр

29.07.2020 в 20:19

Қолданылатын құралдар азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді

Еліміздің Қарулы Күштерінің қызметіне жатпайтынына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар мен халыққа дезинфекциялау бойынша жұмыстарға көмек көрсетті және ол көмекті әлі де жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ТЖ режимі кезінде әскери қызметшілер Нұр-Cұлтан және Алматы қаласы  одан кейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және КВИ өршуіне байланысты дезинфекция жұмыстарын жүргізетін қалалардың саны 29-ға дейін өсті. Дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан әскери қызметшілердің ең көп саны 3000-нан астам болды, ал қазір бұл міндетті 300-ден астам әскерилер орындап жатыр.

«Бүгінгі таңда 10 елді мекенде дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, мен атап өткендей, төтенше жағдай кезінде бұл шара 29 қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Сарыөзек, Жетіген, Тараз, Шымкент, Гвардейск, Арыс, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Петропавловск, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Семей, Өскемен, Аягөз, Үштөбе, Үшарал) жүргізілді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Әскерлер жалпы аумағы 60 млн шаршы метр немесе 6 мың гектардай жерде 14 мыңнан астам нысандар мен 4 мың шақырымнан асатын жолдарға дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

«Қазіргі уақытта санитарлық залалсыздандыру бөлімшелерін дезинфекциялау құралдарымен әкімдіктер қамтамасыз етеді. Олардың атаулары көп, бірақ құралдардың құрамында хлор және басқа да тотықтырғыш бар. Қолданылатын қоспалар ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды және тіпті зең саңырауқұлақтарды кепілді жояды. Медицина және шаруашылық қызметте олардың көмегімен қауіпті инфекцияларды жоюға пайдаланылады (туберкулез, гепатит вирустары, полиомиелит және басқалар). Кейбір қалаларда бөлімшелерге қолдануға дайындалған сұйықтықтар берілсе, басқа қалаларда залалсыздандыру құралдары жұмыс жүргізілетін орында нұсқаманы қатаң сақтай отырып, дайындалады, құрал дайындалған сайын  комиссия актімен өткізеді», – делінген хабарламада.

Егер таза ауада нысандарды залалсыздандыру үшін бір құралдар пайдаланса, ғимараттардың ішінде басқа құралдар қолданылады.

Қолданылатын құралдар азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

Дайын дезинфекциялық ерітінді өңделетін нысандардың бет жағына қолданылған кезде бірнеше сағат бойы өзінің қасиеттерін сақтайды, күн сәулесі мен ауаның әсерінен ерекшіліктерін жоғалтады. Қоршаған ортаға және экологияға зақым келтірмеу үшін дезинфекторларға ерітіндіні өсімдіктер мен топыраққа қолдануға тыйым салынған.

Дезинфекция жұмыстары әкімдіктермен тығыз байланыс арқылы жүргізілуде. Арнайы өңдеу топтары жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша ғана объектілерде дезинфекциялау жұмыстарын  жүргізеді. Сонымен қатар, әскери бөлімдердің аумағында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Дезинфекция кезінде адамның қолы тиетін нысандар мен заттарды өңдеу сапасына ерекше назар аударылады, бұл есік тұтқалары, баспалдақ таяныштары, орындықтар және т.б., сонымен қатар дезинфекцияның толықтай жүргізілуіне, яғни ерітіндінің нысан бетіне біркелкі және алшақтықсыз қолданылуына.