Елімізде 710 бала коронавирустан емделіп жатыр

26.11.2020 20:19

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қарашаға арналған коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.