Қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына 674 жолаушы ұшып келді
Қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына 674 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде ПТР-тест анықтамасы жоқ 35 жолаушы карантин стационарына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қарашаның 1-нен 2-не қараған түні Нұр-Сұлтанға Air Astana, Belavia, Turkish Airlines әуе компанияларының 5 ұшағы келіп қонды. Осы ұшақтармен 674 жолаушы келіп, ПТР анықтамасы болмаған 35 жолаушы стационарға жеткізілген. Олар ПТР тестен өткеннен кейін коронавирус анықталмаса - үйіне, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ведомствоаралық комиссияның төрағасы бірқатар шектеу шарасын енгізуді тапсырды:
2 қарашадан бастап Өскемен қаласына кіру және шығу бойынша әуе қозғалысын азайту: Нұр-Сұлтан қаласына/нан— аптасына 17-ден 7 рейске дейін;
Алматы қаласына/нан — аптасына 14-тен 7 рейске дейін; Шымкент қаласына/нан — аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
2 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін;
Алматы – Өскемен бағыты бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда:
Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтуі керек. Ол үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.
Жолаушылар терминалында тәулік бойы санитарлық-карантиндік бекет бригадалары кезекшілікте жүреді.
Ішкі және халықаралық рейстерде ұшу және қону аумағытарында жолаушыларға арналған санитайзерлер орнатылған.
Жолаушыларды тіркеу, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында 1,5 мтерлік әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тәртібі еденде нақты сызбамен көрсетілген.
Әуежайдың ішкі аумағын арнайы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық өңдеу жиілігі артты. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептик қолданылады.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келетін әуе кемелерінің бәрі де дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сонымен қатар тұрақты түрде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша әуежай қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіледі.