Короновирус инфекциясы диагнозы 7 сәуірде мәйітке экспертиза жасаған нәтижесінде нақтыланды
Коронавирустан қайтыс болған жетiншi адам туралы деректер шықты, деп хабарлайлды Айқын газеті.
Қайтыс болған науқас Целиноград ауданының 1929 жылғы тұрғыны. Науқаспен байланыста болғандардың қатарында 1947 жылғы туған ер адам да болды. Короновирус инфекциясы диагнозы 7 сәуірде мәйітке экспертиза жасаған нәтижесінде нақтыланды.
Науқас артериялық гипертензия, ортан жіліктің мойынының сынығы (2016 жылдан бастап), ДЭП синдромы, Паркинсионизма, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия кернеу, созылмалы бронхит диагноздарымен тiркеуде болған.