Оның болжамы бойынша, эпидемия бүкіл халық ауырып шыққан соң аяқталады
Инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ЭМАНЭБ академигі, жоғары санатты дәрігер Ғалия Жұманбаева Қазақстанда вирус қашан аяқталатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазақстандықтар қазір сол коронавирус инфекциясының түрімен ауырып жатыр. Ол вирустың екі жолмен таралатынын айтты.
«Тыныс алу жүйесіне тікелей түсу арқылы. Газ алмасу шекарасында вирус микротромбалар жасайды, ол науқастың қанын оттегімен оксигенациялауға жол бермейді. Осыған байланысты сатурация құлайды. Вирусты болашақ науқас жұтуы да мүмкін. Ол кезде вирус асқазанның қышқыл бөгетінен өтсе, асқазан-ішек жолына түседі. Аш ішектің эпителиальды жасушалардың тропикалық жолымен вирус қан жүйесіне түседі. Осы кезде қалтырау мен жоғары температура пайда болады. Вирустың қанайналым жүйесіне түсуі полиорганальді зақымдануларға алып келеді. Яғни, бүйректің зақымдануына, диурездің күшеюіне, әлсіздікке немесе керісінше ісінуге әкеледі. Ұйқы безіне әсер етсе, науқаста құсу, диарея және тәбетсіздік пайда болуы мүмкін. Вирустың басты нысаны - жүрек-қан тамырлары жүйесі. Ал қан тамырларының эндотелиясының зақымдануы инфаркт, инсультке әкеледі», – деді профессор.
Жұманбаеваның айтуынша, вирустан қорғанудың ең тиімді тәсілі – иммунитет.
«Маскаға қатысты пікір көп. Менің ойымша, көшеде маскасыз жүруге болады. Ал жабық, шектеулі ғимараттарда масқа тағу керек», – деді ол.
Дәрігер мұндай жағдайда сәттілікке сенуге болмайтынын айтты.
«Жылдам әрі қарқынды емделу қажет. Табиғаттан мейірімділік күтудің қажеті жоқ. Вирустың шабуылына жол бермей, 3 қадам одан ілігері болу керек. Пневмония іс жүзінде симптомсыз, температурасыз, жөтелсіз, ауырсынусыз өтіп, КТ -ға түскенде өкпенің 60 пайызы зақымданғанын көрсетуі мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше барлық емдік шаралар кешенін қабылдаған дұрыс», – деп толықтырды дәрігер.
Оның болжамы бойынша, эпидемия бүкіл халық ауырып шыққан соң аяқталады.
«Иммунитет көрсеткіші 70%-ға жетіп, елдің барлық халқы түгел ауырып шыққан соң індет тоқтайды. Бірақ иммунитет барлығында бірдей емес, адам иммунитеті құрамында вирус бар РНҚ мутацияларына бейімделіп үлгермей қалуы мүмкін. Сондықтан кейбіреулер 3 айдан кейін тағы ауырып, оның салдарынан карантин тағы жариялануы мүмкін. Себебі, иммунитет орта есеппен 3 ай дес бермей тұра алады», – деп қорытындылады маман.