|
30.03.2020 | 15:27
1465

Коронавирус жұқтырған француз моделі өкпеден дыбыстар шығатынын айтты

Дереккөз мәліметінше, 30 жастағы модель бұл вирусты сүйіктісінен жұқтырған

Коронавирус жұқтырған француз моделі өкпеден дыбыстар шығатынын айтты tengrinews.kz

Коронавирус жұқтырған француз моделі Интан Клемент тыныс алғанда өкпесінен дыбыстар шығатынын айтады, деп хабарлайды tengrinews.kz Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Модельдің айтуынша, карантинге дейін олар достарымен шаңғы тебуге барған. Сол жақта жүргенде өзін әлсіз сезіне бастаған, тыныс алуы қиындаған. Бастапқыда қыз оған назар аудармаған, бірақ барған сайын тыныс алуы қиындап, жөтеле берген.

Кейінірек тыныс алу кезінде өкпесінен дыбыстар шыққанын байқаған. Содан видео арқылы дәрігерге хабарласқан. Дәрігер болса оған суық тигенін айтып, парацетамол ішуге кеңес берген. Ал 20 наурызда Интан Клемент дәрігерге барып көрмекші болған. Сол кезде ғана модельдің коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Интан Клемент коронавирустың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді.

Алматыда карантин режимін бұзғандарды «Сергек» арқылы анықтайды

Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы 3 вакцинаны жариялады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир