ІІМ: Елімізде коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ
открытые источники
Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде.
Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған.
Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды.
Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин режимін сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің қалай жазаланатыны туралы айтқан болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31