ІІМ: Елімізде коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ

10.08.2020 20:27

Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған

открытые источники

Қазақстанда КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде. 

Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған. 

Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды. 

Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин режимін сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің қалай жазаланатыны туралы айтқан болатын.