Өткен тәулікте елімізде 1081 адамнан пневмония анықталғаны хабарланған болатын
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталған науқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен тәулікте елімізде 1081 адамнан пневмония анықталғаны хабарланған болатын.
«Мұндай жоғары көрсеткіштерді біз демалыс күндері аламыз. Апта басында мұндай өсім байқалуы мүмкін. Көбі демалыс күндері медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады, тіпті белгілер пайда болған жағдайда да ауруханаға бармай қалып жатады. Оған қоса, сенбі-жексенбі күндері емханалар жабық, сондықтан дүйсенбі-сейсенбі күндері көптеген адам келеді. Осыған байланысты осындай өсім тіркеледі», – деді министрліктің ресми өкілі.