Қазақстанда үндістандық штамм анықталған жоқ – Цой

20.05.2021 20:30

Үндістаннан келгеннің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы табылған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған. Сонымен қатар, Үндістаннан келгеннің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек деген бас санитар дәрігердің қаулысы бар. ПТР-сынамасы ауру жоқ екенін растаса да осындай қауіпсіз шаралары ескеріледі деді министр. 

«Бүкіл штамм – үндістандық, ұлыбританиялық немесе басқалары – ПТР-сынамасының анықтамасына осал. Қазіргі уақытта елге ПТР-анықтамасынсыз келуге тыйым салынған. Елімізде ай сайын вирустарды өлшеу және жүйелеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Қазақстанда үндістандық штамм анықталмаған, дегенмен біз тиісті өлшемдерді жүргізуді жалғастырамыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұдан бөлек, Алексей Цой Қазақстанда салынып жатқан коронавирусқа қарсы вакциналардың бағасын айтты. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, екі компонеттен тұратын Hayat-vax 62,2 доллар, «Спутник» - 26 доллар, отандық QazVac - 9,4 доллар сомасында тұрады екен. 

«Бізге қысқа мерзімде Қазақстан нарығында вакцинаның қолжетімдігін қамтамасыз ету және адамдарға таңдау жасауға мүмкіндік беру өте маңызды. Өндірушілермен келіссөздер барысында вакцина жеткізуде тапшылық бар екенін білесіздер, яғни әр өндіруші тиісті лимит қойған. Біздің мақсат қысқа мерзімде Қазақстан халқын вакцинамен барынша қамтамасыз ету. Сондықтан бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр және бұл вакциналар елімізде иммундау бағдарламасымен қамтылған», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.