Қазіргі кезде 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 603 адам емделуде
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 107 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, ал сәуір айында 32 адам өмірден өтті. Қайтқандардың 58-і – әйел, 49-ы – ер адамдар. Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, 104 науқаста, яғни 98 пайызында созылмалы ауруы болған. 75 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 12 пайызы басқа дертпен ауырған. Өңірде осы кезге дейін 19030 адам індет жұқтырса, соның 78 пайызы (14891-і) жазылып шықты. Облыста барлығы 276 коронавирустан қайтты. Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 19 науқас ем қабылдауда
«Қазіргі кезде 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 603 адам емделуде. Соның ішінде 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұлардың дені – егде жастағы адамдар.
Атап айтқанда, екеуі – 50-ге жетпеген, төртеуі – 50-60, 23-і – 60-80 жас аралығындағылар, 11-і – сексеннен асқандар. 32-сінде созылмалы сырқаттары (23-інде – жүрек-қан тамырлары аурулары, 9-ында – қант диабеті) бар»,– деді А.Қалибеков.