Коронавирус: 154 науқастың ахуалы нашар

01.11.2020 20:30

17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында 330 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 154 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Толық көрсету