Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 мамыр 22:30-тағы эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 29 жағдай тіркелді. Оның ішінде, Батыс Қазақстан облысы - 13, Қарағанды облысы - 1, Нұр-Сұлтан қаласы - 14, Алматы қаласынан 1 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4975 адам анықталды. Олардың ішінде
Нұр-Сұлтан қаласы – 1018
Алматы қаласы – 1560
Шымкент қаласы – 229
Ақмола облысы – 106
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 182
Атырау облысы – 295
Шығыс Қазақстан облысы – 48
Жамбыл облысы – 177
Батыс Қазақстан облысы – 237
Қарағанды облысы – 189
Қостанай облысы – 61
Қызылорда облысы – 226
Маңғыстау облысы – 113
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 34
Түркістан облысы – 174
Бүгінде республика бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 1766 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 31 адам көз жұмды.