Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан емделіп шықты

11.04.2020 в 20:31

Еліміз бойынша COVID-19 індетінен жазылғандар саны 68-ге жетті

Қазақстанда тағы 4 адам қауіпті індеттен емделіп шықты, деп хабарлады Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.  

«4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Қарағанды облысында - 1 адам. Қазақстан бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 68-ге жетті», - делінген ақпаратта.