Жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратында болды
1936 жылғы ер адам Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде жатқан. 9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратында болды.
Диагноз: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиология.
Басқа аурулары: артериялық гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің ишемиялық ауруы.