COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберді

29.08.2020 20:36

Бұл тізімге әлемнің 19 елінен 33 вакцина түсті

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген қазақстандық деактивті вакцинаны клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізбесіне ресми түрде енгізді. Бұл тізімге әлемнің 19 елінен 33 вакцина түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Кестеде көрсетілгендей, деактивацияланған вирусы бар қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың 1/2 фазасында. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынақтарына ресми түрде жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада сияқты елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасаған 33 вакцина кірді.