Бүгін Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы жақсарып, "сары" аймақтан "жасылға" ауысты
Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, онда карантин бойынша жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы жақсарып, "сары" аймақтан "жасылға" ауысты.
Енді кафелер мен мейрамханалар жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істей алады. Отыратын орындар санын 30-дан 50-ге ұлғайтуға рұқсат берілді, алайда зал толымдығы 50 пайыздан аспауы керек.
Кинотеатрларда толымдық 20 пайыздан, адамдар саны 30-дан аспауы тиіс.
Театр, кітапхана және мұражайларға да талап сондай.