Енді коронавируспен күресті қолға алу үшін жаңа стратегия әзірленіп жатыр
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар мен жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл соңғы екі айда алғаш рет тіркелген көрсеткіш. Осылай деген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус пандемияның жақын арада аяқталмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Енді коронавируспен күресті қолға алу үшін жаңа стратегия әзірленіп жатыр. Ал Қазақстанда әзірге эпидахуал тұрақты. Өткен тәулікте 1697 жағдай тіркелді. Елде вакциналау науқаны да жалғасуда. Бүгінде екпенің толық курсынан 7 миллион 450 мыңға жуық халық өтіп үлгерді. Ал қараша айының соңында оқушылар мен жүкті әйелдерді де вакциналау басталады. Осы ретте, мамандар екпе қыз-келіншектердің денсаулығына еш зияны жоқ дейді.
«Ешқандай екпе бедеулікке әкелмейді. Себебі вакцинаның репродуктивті жасушаларға әсері тіркелмеген. Ол иммунитетті қалыптастырып, дамытуға бағытталған ақуыздың аз мөлшерінен тұрады. Әлем ғалымдары екпенің әйел ағзасына әсерін анықтау үшін 12 зерттеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде вакцинаның ешқандай зияны жоқ екені белгілі болды. Бірақ коронавирус басқа да дене мүшелерді зақымдауы мүмкін. Сондықтан тек екпе көмектесетінін түсіну керек», – деді репродуктолог Вячеслав Локшин.