Алматыда «үнді» штаммын жұқтырған 8 жастағы бала ауруханаға түсті

24.06.2021 23:39

Жаңа штамм 1982 жылғы әйел мен 2013 жылғы жасөспірімнен анықталған

liter.kz

Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың «Дельта» штаммы анықталды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы мәлімдеді. Оның сөзінше, «үнді» штаммын жұқтырған 2013 жылы туған жасөспірім, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осыған дейін 1983 жылы туған әйел адамнан «Дельта» штамы анықталған еді. Енді 8 жастағы тағы бір бала да аурудың тың түрін жұқтырып алды. Қазір екі науқас та жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал, байланыста болған адамдарға жұқты ма, жоқ па? Ол туралы әлі ақпарат жоқ», − деді  қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы.

«Үнді» штамы өзгелерден қарағанда тез тарайды. Оның үстіне, аурудың бұл түрі ағзаны жылдам зақымдайды екен. Егер дерт бірден дендеп кетсе, қаладағы стационарлар ковидті жұмыс режиміне көшуі де ықтимал дейді жауаптылар.

«Әрине, «Дельта» штаммы өзіміз үшін де қорқынышты болып тұр. Науқастар саны бірден көбейіп кетуі мүмкін деген болжам бар. Бұрын, осы наурыз айында, стационарларды қалай көшірдік есімізде. Коронавирустық инфекциялық стационарларға, сондай жағдайға көшеміз бе деп өзіміз ойластырып отырмыз», − деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері.