ЕО Венесуэлаға көмектесті

1,5 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуроодақтың COVID-19-бен күреске Венесуэлаға  медициналық көмек жібергені туралы елдің Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса Twitterде жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

ЕО елдеріне, атап айтқанда осы жолы жанашырлық танытқан Испания мен Португалияға алғысын айтқан министр пандемия басталғалы достық көңілден жәрдем ұсынған елдер мен халықаралық ұйымдар арқасында 1,5 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілгенінен хабардар еткен.

Індет қазіргі уақытта мұхиттың арғы бетінде өршіп тұр. Әсіресе АҚШ пен Бразилия жұртшылығы әлем бойынша коронавирустың көршеңгелінен көп зардап шеккен елдердің қатарында.

Новости партнеров