|
28.03.2021 | 15:38
4084

Әлемдегі коронавирус: Польшада сұлулық салондары жабылады, Қытайда вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы егілді

Өткен аптада Бельгияда індеттің жұғу қарқыны 40% өскен

Әлемдегі коронавирус: Польшада сұлулық салондары жабылады, Қытайда вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы егілді aa.com.tr

Ведомствоаралық комиссия коронавирус пандемиясына қатысты әлем елдері енгізіп жатқан карантин шектеулері туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен сенбіден бастап Польшада қосымша шектеулер енгізілді, олар кем дегенде екі аптаға созылады. Елде үлкен көлемдегі тұрмыстық дүкендер жабылуда, қалған сауда орталықтарында сатып алушылар санына қатаң шектеулер енгізілуде. Шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады, ал балабақшаларды тек дәрігерлердің, әскери қызметшілердің, полиция мен өрт сөндірушілердің отбасылары ғана пайдалана алады. Бельгияда сенбіден бастап тұрмыстық заттар дүкендеріне тек алдын-ала жазылу арқылы кіруге болады. Сұлулық салондары мен шаштараздар толығымен жабылған. Ал дүйсенбіден бастап балабақшалардан басқа барлық оқу орындары қашықтан жұмыс істеу режимге көшеді.

Өткен аптада Бельгияда індеттің жұғу қарқыны 40% өскен. 

Португалияда оқытушылар, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерін AstraZeneca вакцинасымен егу басталды. Аталған препаратты қолдану өткен дүйсенбіден бастап қайта басталды. Ел билігі жаңа егу орталықтарының ашылуымен вакцинацияны жеделдету арқылы шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуге үміттеніп отыр, бірақ әзірге төтенше жағдай режимі тағы бір рет ұзартылды.

Осы аптада ҚХР билігі шетелдік азаматтарға COVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламаларына қатысуға рұқсат ашылғанын жариялады. Атап айтқанда, Бейжіңде 18 жастан асқан шетелдік азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлады. Вакцинация ерікті түрде азаматтың өз есебінен қытай өндірісінің екі компонентті препаратымен жүргізіледі. Бір инъекция құны 93,5 юань (ағымдағы бағам бойынша шамамен 14,3 АҚШ доллары) болады. Қытай билігі профилактикалық екпе коронавирусты жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді деп ескертеді. Алайда, ешқандай вакцина COVID-19 вирусынан 100% қорғауға кепілдік бермейді. Вакцинация аяқталғаннан кейін қоғамдық орындарда маска тағу, жеке гигиена және әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтау керек. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандардың 94,67%-ы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ауру жұқтырғандар саны 90,1 мыңнан асты, медициналық мекемелерде коронавирус инфекциясына шалдыққан 167 адам жатыр. Өлім көрсеткіші 5,14% (4636 адам қайтыс болды).


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир