Коронавирус анықталған 2 жасар қыздың қай елден келгені белгілі болды

18.03.2020 в 02:16

Чартерлік рейспен келген барлық экипаж мүшелері провизорлық карантинге жатқызылған

Алматыдағы коронавирус анықталған 2 жасар қыз чартерлік рейспен 13 наурыз  Крушевель-Берлин-Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, аталған чартерлік рейспен келген барлық экипаж мүшелері провизорлық карантинге жатқызылған. 2018 жылы туған қыздан коронавирус дәл осы карантин уақытында белгілі болған. 2 жастағы бүлдіршін қазір қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ, брифинг барысында басқарма басшысы ол қызбен байланыста болғандардың барлығы стационарда жатқандығын мәлімдеді.

«Үй жағдайында оқшауланған барлық адамдарға емхана қызметкерлері… Тұрғындардың өз денсаулығына және айналасындағы адамдардың денсаулығына деген жеке жауапкершілігі мен азаматтық саналылығына үлкен үміт артамыз», – деді Қалалық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.