Бір түнде 515 адамнан инфекция анықталған
Алматыда бір түнде 515 адамнан инфекция анықталып, тәуліктік көрсеткіш бойынша қауіпті кесел жұқтырғандардың саны 1,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дертке шалдыққан науқастардың көпшілігі 20 мен 40 жас аралағындағы азаматтар. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Әсел Қалықова мәлімдеді. Одан бөлек, шет елден келетін жолаушылардан да індет жұқтырғандар саны азаймай тұр.
«Соңғы тәулікте анықталған 515 адамның 434-і індеттің симптомды түрімен болса, 81-і симптомсыз жұқтырғандар. Ауруды жұқтырғандардың 40 пайызы қоғамдық орындарда анықталса, 21 пайызы автобуста екені белгілі болып отыр», – деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.