Өткен аптада аурушаңдық деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын
Алматы облысында 36 адам инфекциялық бөлімде емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен аптада аурушаңдық деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын.
«Өткен тәулікте аймақта короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекциялық бөлімде 36 адам дәрігерлердің бақылауында. 183 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.
Жалпы аймақта ауырғандар саны 4892 адам, оның 4597 адам толықтай жазылып шықты.